1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЭНЕРГЕТИКАСЫ
1.1 Қазақстан энергетикасының жалпы сипаттамасы
Кез-келген мемлекеттің өндірістік күштерінің дамуы энергетикаға байланысты. Энергетиканың арқасында өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік жүйесі мен тұрғын үй кешендері үздіксіз жұмыс істей алады. Экономиканың дамуы да үнемі дамып отыратын энергетикаға байланысты.
Энергетиканың маңызды дәрежеде дамуы өнеркәсіпті тоқтаусыз және жеткілікті энергиямен қамтамасыз етумен анықталады. Энергиямен қамтамасыз етудің негізгі және барлық кеңейтілген бөлігі өзара тұтынушылармен бірге жасалған электр станцияларының орталықтандырған реті бойынша жүзеге асады.
ХХ-шы ғасырдың басында Қазақстандағы электр станциялардың қуаты 2500 кВт-тан аспады, олардың жылдық электр өндіруі 1.3 млн.кВт.сағ болып келді (1.1- кесте) [1].
1.1 кесте
ХХ-шы ғасыр басындағы Қазақстан электр станцияларының қуаты
|
Кәсіпорын |
Механикалық қуат, ат күші |
Электрлік қуат, кВт |
|
Успенск кеніші |
576 |
32 |
|
Қарағанды қазбалары |
70 |
30 |
|
Сарысу байыту фабрикасы |
200 |
90 |
|
Спасск зауыты |
850 |
455 |
|
Қарсақпай зауыты |
200 |
140 |
|
Барлығы |
2300 |
1240 |
Электр энергиясының негізгі тұтынушысы өндіріс болғандықтан, ол әр түрлі механизмдерді жүргізу үшін және технологиялық үрдістерде қолданылады.
Дүниежүзілік энергетиканы талдаудың маңызды бір қыры, шет елдердің тәжірибесін, дамып келе жатқан Қазақстан энергетикасында қолданудың мүмкін аймақтарын және Қазақстан отын-энергетикалық кешенінің мүмкіншілігін шетелдік энергетиканың дамуы мен қалыптастыруында пайдалануды айқындау.
Өзіндік даму жолына түскен және едәуір отын-энергетикалық қорға ие Қазақстан үшін барлық дүние жүзінің және жеке мемлекеттер энергетикасының жағдайы мен дамуының негізгі үрдістерін таңдауды жүйелі түрде жүргізіп түру өте маңызды. Бұл әсіресе ұзақ мерзімді энергетикалық саясатты қалыптастырғанда және дүниежүзілік нарыққа шығу үшін қажет.